Рашид Күзембаев жаңа ұлттық компанияны басқарады

0

Рашид Күзембаев «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі.

 Рашид Талапұлы 1969 жылы 7 тамызда Қарағанды облысында туған.

1992 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист, саяси экономика оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы Жоғары экономика мектебінде (Мәскеу) іскерлік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1992 жылы «Алтын Алма» АҚ-да экономикалық талдау бөлімінің бастығы қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Мемлекеттік жекешелендіру қорында бөлім басшысы, «Қазақстан темiр жолы» РМК аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

2001 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.

2002-2007 жылдары ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының вице-президенті болды.

2007-2013 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

2013 жылы «Атамекен» ҰКП Әлеуметтік салалар және әлеуметтік серіктестік Хатшылығына басшы болып келді.

Пікір қалдыру