Қытай мектептерінде Димаштың әнін үйретіп жатыр

0

Отандасымыз Димаш Құдайбергеннің «Ұмытылмас күн» әнін Қытай мектептерінде оқушылар хормен айтып үйреніп жатыр. Бұл туралы әншінің өзі Іnstagram-дағы парақшасына видео жүктеп, тыңдармандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі.

«Менің екінші әуесқой сазгерлік жұмысым «Ұмытылмас күн» әнімді мектептерде үйретіп жатыр екен))) Кішкентай ғана бүлдіршіндер, періштелер аман болсын. Әлемде тек бейбітшілік болсын!!! Бар әлемге ортақ тіл — музыка тілі екенін дәлелдеп жүрген барша тыңдармандарыма алғыс!», — деп бөлісті әнші Іnstagram-дағы жеке парақшасында.

Пікір қалдыру