Ресейде президенттік сайлаудың өтетін күні белгілі болды

0

Ресей президенттігіне сайлау 2018 жылғы 18 наурызда өтеді. Бұл жайлы Ресей Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Майя Гришина мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«5-і мен 10-ы (наурыздың) аралығындағы аптада бір мереке күні болғандықтан, сайлау келесі жексенбіде өтеді. Сондықтан біз жұрттың бәріне қазірден-ақ ресми жариялаймыз, 18 наурызда сайлау өтеді», — дейді Гришина Ресей Еңбек министрлігінің келер жылғы демалыс және мейрам күндері туралы жобасына пікір білдіре отырып.

aБұрын Ресей Еңбек министрлігіндегілер әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үкімет комиссиясының 2018 жылы демалыс күндерін көшіру кестесін бекіткенін мәлімдеген болатын. Құжатқа сәйкес, ресейліктер 8 наурыздан 11 наурызға дейін демалады.

Дереккөз:ҚазАқпарат агенттігі

Пікір қалдыру