Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 11 қазан күні сағат 10.00-де…

1

«Шерхан Мұртазаны 11 қазан күні сағат 10.00-де М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады.

Жазушы Кеңсай зиратына жерленеді. Қоштасу рәсімін өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері, Жазушылар одағы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірге ұйымдастырады», — деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай. Естеріңізге салсақ, халық жазушысы кеше шамамен 18:30-да Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан қайтыс болды. Жазушы қыркүйек айында 86 жасқа толған еді.

Discussion1 комментарий

Пікір қалдыру