Ақын Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласындағы филиалының директоры болып тағайындалды

0

Бұған дейін Қазақстан Жазушылар одағының елордалық филиалын басқарған Бауыржан Қарағызұлы бұл қызметте небәрі алты ай — осы жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында болды. Кейін Б.Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Дәулеткерей Кәпұлы 1977 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін (1995-1999), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің магистратурасын (2000-2002) бітірген. Аталмыш университеттің PhD доктаранты. Халықаралық, республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Екі дүркін Мемлекеттік стипендия иегері. «Шабыт» III халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің поэзия номинациясы бойынша гран-при иегері. «Жыр тәңірі», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Байбесік тұмалары», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Шабыт», «Жидебай», «Жанартау», «Азаттық таңындағы азат жыр» және тағы да басқа қазақ ақындарының біріккен жыр жинақтарында өлең-жырлары жарияланған.

«Сүтті іңір»,(2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011) атты жеке жыр жинақтары жарық көрген.

фото: adebiportal.kz

inform.kz

Пікір қалдыру