Ел болашағының алдында тұрған  мақсат-міндеттерді бағындыру – жас ұрпақтың қолында

0

Ел болашағының алдында тұрған  мақсат-міндеттерді бағындыру – жас ұрпақтың қолында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.   Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Сөз соңынан Елбасы келер жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынды. — Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын, — деген-ді мемлекет басшысы.  «Заманауи технологияның қарқынды дамып келе жатқандығы жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сол себепті, замана көшіне ілесіп, ел болашағының алдында тұрған  мақсат-міндеттерді бағындыру – жас ұрпақтың қолында». Бүгін шаһардағы жоғары оқу орындарының студенттерімен кездескен «Азаматтық  бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес азаматтық ұйымдардың басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев осылай деді.

Жалпы жиынның негізгі мақсаты-  жас ұрпақты  ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, жаңашылдыққа тәрбиелеу  және жетілдіру. Өз маммандығының нағыз майталманына айналған тұлғаларды үлгі ете отырып,  іскерлікке баулу. Басқосуға жастар ұйымдарының көшбасшылары, жастар істері жөніндегі комитет жетекшілері мен белсенді жастардан тұратын үш жүзге жуық адам қатысты.  Кездесу барысында Нұрлан Өтешев өзінің өмір жолын, жеткен жетістіктерін егжей-тегжейлі баяндай келіп, жастарды білім және ғылым жолында әрқашан белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ, олардың бүгінгідей тәуелсіз елде еш алаңсыз білім алып жатқандығын бағалау керектігі жөнінде біршама кеңес беріп өтті. Өз кезегінде студенттер де қонаққа сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды.

Нұрлан Өтешев — «Азаматтық  бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма  төрағасы

Пікір қалдыру