Қордайда жылыжайдың жаңа түрі (ВИДЕО)

0

Жылыжайда көкөніс пен бірге балық түрлерін де өсіруге болады. Енді мұндай заманауи технология түрі  Қазақстанда да енгізілмекші. Оңтүстік Кореялық компания осы жобаға екі жарым миллион доллар инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеп отыр.

Владислав Цой, Twitter@Vladislav_

Владислав Цой – Бұл – ерекше жылыжай. Осында тек көкөніс  түрлері мен  жеміс-жидек ғана емес, балықтың да керекті түрлерін  өсіруге болады. Ал өсімдіктерді суару үшін жерасты аквариуымының сүзгіден өткен су түрі қолданылады. Осылайша, өнертапқыштар елді экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отыр. Сыртынан да, ішінде де қарағанда  бұл – қарапайым жылыжай. Осында салат жапырақтары және басқа да көкөністер өсіріледі. Ерекшелігі – суару  технологиясында.

Чон Джон Ук, жоба менеджері:

– Топырақтың үстіңгі қабатының астында балықтарды өсіруге арналған су қоймасы бар. Биосүзгіш суды қоқыс және аммонийден тазартады. Сосын қоректік заттарға бай сумен өсімдіктер суарылады. Әрі қарай пайдаланылған тіршілік көзі балықтарға келеді. Осылай су, жүйелі түрде айналып жүреді.   Су температурасын, топырақ ылғалдылығын, көмірқышқыл газ деңгейін және басқа да параметрлерін компьютерлер бақылайды. Ең  маңызысы,  өсімдік тамырлары жылы жерде болуы керек. Сондықтан қыста Қазақстандағы жылыжайларда жылу жабдықтары және жылу көрсеткіштері  ерекше назарда болады. Осындай нысананың құрылысы Жамбыл облысы Қордай ауылында басталды. Егер жоба сәтті жүзеге асса, мұндай кешендер еліміздің басқа аймақтарда да пайда болады деген үміттеміз.

 Чон Джон Ук, жоба менеджері:

– Қазақстан нарығы біз үшін өте тартымды. Сондықтан өз технологияларымызды енгізуге дайынбыз. Жылыжайлар құрылысы біткеннен кейін жергілікті мамандарды оқытып жетілдіруді және техникалық көмек көрсетуді жоспарларлап отырмыз. Ал көкөніске нарықтан  сұраныс өссе, жылыжайлар санын көбейтеміз.  Осындай технологиялар  арқылы төрт жүз тоннадан астам  көкөніс және жылан балық пен бекіре секілді қырық тоннаға жуық  балық өсіруге болады.  Қазақстанда алғашқы өнімді келесі жылдың бірінші тоқсанында алуды көздеп отыр. Балық пен көкөністі Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспары бар.

24.kz

Пікір қалдыру