Балабақшаларда бақылау камерасы көбейді

0

Елбасы балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуді тапсырған еді. Өйткені қоғамда бүлдіршіндерге қарсы зорлық-зомбылық көрсету деректері көбейіп кеткен.

Жамбыл облысында 934 білім мекемесінің 884-де бейнебақылау құрылғылары орнатылған. Тұрғындар, бұл біріншіден, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, екіншіден ата-аналар үшін жасалған үлкен қамқорлық деп отыр.

Нөмірі үшінші бөбекжай бақшасында 160 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Мұнда 8 бейнебақылау камерасы  2014 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Қазір нысанның барлық қабаты осы жүйеге қосылып, күндіз түні бақылауда. Жолдаудан соң жергілікті бюджеттен тағы қаражат бөлініп, қосымша 4 камера орнатылған.

Меруерт Абдыхалықова, қала тұрғыны:

 — Бейнебақылау бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты ұлғайту мақсатында қойылған бір жақсы дүние деп қабылдауға болады. Себебі бала күндіз азаңнан  таңның атысы кештің батысы балабақшада болады, баланың өсуі, баланың тамақ ішу әдісін ойыншықтармен ойнау қабілетін осы бейнебақылаудан ата-аналар бақылау арқылы көруге болады.

Елбасы жолдауында айтылған жас ұрпақтың қауіпсіздігі, мектеп психологтарының жұмысын күшейту ата-аналарды толғандырғаны рас. Өйткені әрбір ата-ана бақшадағы баласына алаңдамай, уайымсыз жұмыс істегісі келеді.

Балмира Мырзабаева, қала тұрғыны:

— Ата-ана ретінде ең  қатты ұнағаны  әрине ол балалардың қауіпсіздігін сақтауда орнатылатын бейнебақылау болып табылады Бұл ең біріншіден, қауіпсіздік,  екіншіден ата-ана үшін бұл бір жасалған жағдай деп ойлаймын, кез келген жерде бақылай аламыз, сондықтан бұл Елбасының ата-аналарға да жасаған қамқорлығы.

Облыста бейнебақылау камераларын алу үшін осы жылы 18 миллион теңге бөлінген. Қазір 934 білім мекемесінің 884-де құрылғы орнатылған. Сондай-ақ 355 балабақшаның 347-де камералар бар. Бұдан өзге тек бейнебақылау камераларына ғана телмірмей, балалармен жұмыс істейтін 6700-ден астам тәрбиешнің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Гүлзира Дәрібаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

— Бізде облыс көлемінде 355 балабақша бар, оның жекеменшік немесе мемлекеттік деп бөліп жармаймыз. Талап бүгінгі күні баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірдей. Барлық балабақшаларға қойылып отыр. Мысалы, қауіпсіздік мәселесі бейнекамераларға ғана байланысты емес, ол жаңағы тәрбиешінің де қосатын үлесі бар,  қабылдап алып, киімін іліп, жаңағы текпешектерден төмен  аман- есен түсіріп  деген сияқты.

 Білім және ғылым вице-министрі үш жылда білім беру мекемелері 100 процент бейнебақылау камераларымен жабдықталады деп мәлімдеген болатын. Бұл қауіпсіздік пен білім сапасы бәрінен маңызды екендігінің тағы бір айғағы.

 

 

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/272880-zhambyl-oblysynda-y-balaba-shalarda-ba-ylau-kamerasy-k-bejdi

Пікір қалдыру