«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ МЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбында брифинг өтті.

0

Өмірде әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қыры қарастырылса да құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылуда. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау ор­ган­дарының ғана емес, ата-ананың, мектеп, арнаулы оқу орындары мен басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадаға­лауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қа­лып­тасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көргендері ерекше орын алады. Ал са­­бақтан тыс уақыттарда, каникул кез­­дерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдас­тырылмауы, көше­дегі келеңсіз оқи­ға­­лар­дың көптігі жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкеп соқтыруы анық.

Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жасөспірімдер арасындағы құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов және облыстық Ішкі істер департаментінің ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Қуанышбек Қалжанов жасөспірімдер арасындағы қылмыс ахуалымен таныстырды.

Облыс бойынша үстіміздегі жылдың 9 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер тарапынан жасалған 104 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 20 (16,1%) қылмыстық іске төмендеген.

Қазіргі таңда облыстық білім басқармасы мен облыстық ІІД ЖПҚ арасында жасалған 2018 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп инспекторлары мектептердің қамқоршылық кеңестерінің алдында есеп беруде. Бүгінгі күні облыста 162 мектеп инспекторлары жұмыс істейді.

Пікір қалдыру