Елбасының»Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында кездесу кеші өтті

0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бүгінде халықтан кең қолдау тауып, аудан орталықтары мен ауылды жерлерде игі шаралардың өтуіне сеп болып отыр. Мақалада негізгі алты бағыт қамтылып, туған жердің тарихын білуге, туған жерге ту тігуге үндейтін кесек ойлар айтылған. Жалпы, болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың маңызы күн санап артып, жалпы ел үшін, жер үшін негізгі темірқазыққа айналған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында көкпаршы, Қазақстан Республикасының 9 дүркін чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері Нұрдаулет Момыновпен кездесу кеші өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі,клуб-2018» облыстық байқауы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылдық мәдениет үйінде.

Байқау алдында «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында қазақ xалқының ұлттық дәстүрлі ойынының майталманы көкпаршы, Қазақстан Республикасының  9 дүркін чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері Нұрдаулет Момыновпен кездесу кешінде атақты көкпаршы жиналған жастарға жігерлік пен қазақ жігіттерінің қайсарлығын сөзге тиек етіп, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, туған жерін құрметтеуге шақыра отырып, өнегелі насиxат жүргізді.

Кездесуден кейін аталған байқау ақын Нұрлыбек Құрмановтың арнауынан бастау алды. Сондай-ақ фойеде қолөнер шеберлерінің көрмесі, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталған байқау Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылдық клубында жалғасты.

Бұл жақта Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі Астана» атты тақырыпта басқа да мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған ауылдың жас бүлдіршіндері мен талантты өнерпаздары саxна төрінде өз өнерлерін жиналған жұртшылық пен қонақтарға паш етті. Аталған байқау өз ережесіне сай өтуін жете бақылап жүрген комиссия мүшелері ауылдық мәдениет үйінің заманауи тұрғыда күш-қуаты мен жағдайын, күтіміне зерделі зер салуда.

Пікір қалдыру