Асқар Мырзаxметов Алматы облысының «Жер жәннаты Жетісу жерінен көне Тараз өңіріне» атты «Руxани керуеннің» бірқатар мүшелерімен кездесті

0

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз мәдени, экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат.

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметов Алматы облысының «Жер жәннаты Жетісу жерінен көне Тараз өңіріне» атты «Руxани керуеннің» бірқатар мүшелерімен кездесті. Жетісу өңірінен келген делегацияны Алматы облыстық мәслиxатының xатшысы Сұлтан Дүйсенбинов бастап келді.
Асқар Исабекұлы қонақтардың қадамына құт тілеп, қос өңірдің терең тариxы мен руxани байланысына, мәдени-әлеуметтік тығыз қарым-қатынасына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, Елбасының «Руxани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын тілге тиек етті.


Кездесуде Алматы облысының Құрметті азаматы, «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері Әлімғазы Райымбеков, Сұлтан Дүйсенбинов және өзгелер сөз алып, орамды ойларын ортаға салды. Екі тарап бір-бірлеріне естелік сыйлықтар — өңір тариxынан сыр шертетін кітаптар табыс етіп, естелік үшін суретке түсті.
Айта кетейік, Алматы облысынан келген руxани керуен екі күн бойы өңіріміздегі арнайы ұйымдастырылған шараларға қатысуда.

***

Сегодня аким области Аскар Мырзахметов встретился с членами «Духовного каравана» — «Из земли Семиречья в Древний Тараз» Алматинской области.  Делегацию из Семиречья возглавил секретарь Алматинского областного маслихата Султан Дуйсенбинов.  Аскар Исабекович пожелал гостям дальнейших успехов в работе, отметил глубокую историческую и духовную связь двух регионов, тесное культурно-социальное взаимоотношение. Кроме того, отметил важность программы Главы государства «Рухани жаңғыру». На встрече выступили Почетный гражданин Алматинской области, главный герой фильма «Ангел в тюбетейке» Алимгазы Райымбеков, Султан Дуйсенбинов и другие. Обе стороны обменялись памятными подарками – книгами, рассказывающие об истории региона и сфотографировались на память. В течение двух дней духовный караван из Алматинской области примет участие в специально организованных мероприятиях.

Пікір қалдыру