Мұхтархан Ділдәбеков — республикалық «Көкпар» федерациясының президенті

0

Даңқты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков — республикалық «Көкпар» федерациясының президенті

2018 жылдың 24 қазанында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Көкпар» және «Аударыспақ» федерацияларының басшылық құрамына өзгерістер енді. Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, Республикалық «Көкпар» федерациясының президенті болып Ділдабеков Мұхтархан Қобыланбекұлы тағайындалды.

Мұхтархан Ділдабеков 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері, Сидней Олимпиадасының, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, жаппай көкпардың додасында талай мәрте топ жарған саңлақ көкпаршы.

М. Ділдабеков 2008 жылдан бері Түркістан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.

Пікір қалдыру