Жамбыл облысында баламалы қуат көздері қарқынды дамуда

0

Соңғы жиырма жылда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, ұлттық және жаһандық экология мәселелерін шешуде экономикалық және әлеуметтік табыстарға қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев соңғы уақытта еліміздің дағдарыстан кейінгі даму жағдайында бірінші кезекте, энергетикалық ресурстардың үнемделуін қатаң бақылауға алу керектігін айтып келеді. Елбасының энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру мақсатында жаһандық механизмдерді құру міндеті өзекті мәселе саналады. Қазіргі кезде ғалымдар мен мамандар Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу стратегиясымен жұмыс жасауда, ол қоршаған ортаға келетін залалдардың азайтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жамбыл облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарамасының мәліметі бойынша, 2017 жылдың қорытындысына жүгінсек, жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясының көлемі 304,3 миллион кВт/сағат немесе жалпы көлемнің 10,2 пайызын құрады.  Ағымдағы жылдың басынан бері өндіріс көлемі 121,4 миллион кВт/сағатты құраған. Ол 2017 жылдың (105,2 миллион кВт/сағат) есепті кезеңімен салыстырғанда 16,2 миллион кВт/сағатқа немесе 15,3 пайызға өскенін көрсетіп отыр.

Жалпы 392,8 МВт-тың 168,7 МВт-ы немесе республикамыз бойынша жалпы көрсеткіштің 43 пайызы облысымыздың үлесіне тиесілі. 2010 жылы барлық жаңартылатын энергия көздерінің жалпы көрсеткіші шамамен 1,5-2 МВт құраған.

 «Қазақстан — 2050» Стратегиялық бағдарламасында баламалы қуат көздерін жетілдіру саласын жүйелеп, нақты іске көшу керектігі тапсырмасы берілген-ді.

Қордайда күн және жел электр стансалары ашылған. Қазір баламалы электр қуатын өндірушілер саны 10-ға жеткен. Олардың жалпы қуаттылығы 168,7 МВт құрап  отыр.

Жалпы қуаты 15,1 МВт болатын 4 гидро электр стансасы (ГЭС)  Меркі ауданындағы «Мерке ГЭС-1,2» (2,1 МВт), «Мерке ГЭС-3», (1,5 МВт), Т.Рысқұлов ауданындағы «Қарақыстақ ГЭС» (2,3 МВт) және Шудағы «Тасөткел ГЭС» (9,2 МВт) стансалары.

Шу ауданындағы Тасөткел су электр стансалары  жылына 48 миллион кВт электр қуатын өндіреді. Жалпы жобалық құны 1 миллиард 350 миллион теңгені құрайтын  станса сағатына 9,2 емес, 3,5 МВт өнім алуда.

 жалпы қуаты 53,1 МВт болатын «Vista International» ЖШС (21 МВт), «Ветроинвест» ЖШС (30,6 МВт), «Кордай К-1» (1,5 МВт) сынды 3 ЖЭС нысандары жұмыс істеп тұр.

Облысымыздағы 3 күн электр стансалары 100,5 МВт-тық жалпы қуатымен баламалы электр энергиясын өндіреді.  Жуалыда орнатылған күн электр стансаларына («Burnoe Solar-1» ЖШС (50 МВт), «Burnoe Solar-2» ЖШС (50 МВт) қуат өндіріледі.

 «KaзЭкоВатт» ЖШС-нің Қордайдағы Отар күн электр стансасы да қуаттылығы 0,5 МВт

2018 жылдың аяғына  өндіріс көлемін 10,4 пайызға арттыру жоспарлануда. 2020 жылға қарай электр қуатының 60 пайызын баламалы энергия көздерінен алу жоспарланып отыр.

Сарысу ауданында 100 МВт-тық жел электр станцияларын құрылысы басталмақ . Жобаға сәйкес 233 гектар жерге әрқайсының қуаты – 2,5 МВт құрайтын 40 жел  генераторы орнатылады. Станция жылына 340 миллион кВт/сағат электр энергиясын өндіруі жоспарлануда. Жалпы құны  130 миллион $ құрайтын нысанның құрылысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылуы көзделуде.

 

Пікір қалдыру