МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 97 ПАЙЫЗЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

0

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Хамит Саттарқұлұлы «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Елбасымыздың ағымдағы жылдағы жолдауында осы салаға байланысты : «Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын.   Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді.   2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек.   Осылайша біз көптеген адам өмірін сақтап қаламыз»- деген болатын.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша 5260 медициналық қызметкерлердің жұмыс орны бар, оның ішінде 4999-і компьютермен қамтылған. Бұл 97% құрайды. Компьютерлік техникамен 100% қамту мақсатында облыстық бюджеттен 1013 бірлік компьютерге (қалалық ұйымдарға – 393, аудандық ұйымдарға — 620) 152 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 880 компьютерлік техника сатып алынды.

Бүгінгі таңда, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында интернет желісімен қамтылуы тиіс 398 мекеменің 364-і желіге қосылған, қосылмағаны – 34. Бұл 92% құрады. (Қала және аудан орталықтары деңгейінде 100% қамтылған).

Пікір қалдыру