Жамбыл жерінде сүт кластерін дамыту үшін нақты жұмыстар жүргізілуде

0

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру үшін қабылданған болатын. Президентіміз атап өткен ұзақ мерзімді бес реформаның бірі — Индустрияландыру және экономикалық өсім. Онда қамтылған еліміздегі экономиканың өсімін қамтамасыз етіп, индустрияландыруды жүзеге асыру, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларды тереңдетуді көздейтін осы бағыт бойынша біраз  жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі сүт шаруашылығы.

Сүт шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласына айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Ұлт жоспарындағы 100 нақты қадамның біріне сүт өндірісінің енуі де саланың өзектілігін көрсетеді.

Бұл салада облыстың айтарлықтай тәжірибесі мен қалыптасқан базасы бар. Дегенмен, өңірдің сүт өндірісіндегі мол әлеуеті толық жүзеге асып жатыр деуге әлі ерте. Егер бұл әлеует толық пайдаланылар болса, тұрғындарға да, мемлекетке де көл-көсір пайда әкелетіні сөзсіз.

Жамбыл жерінде сүт кластерін дамыту үшін бүгінде нақты жұмыстар жүргізілуде. Ол жол бойындағы тауарлы сүт фермаларының ашылуымен байланысты. Мәселен: Қордай ауданындағы «Қақпатас- Қордай» серіктестігі биыл Германиядан 200- бас сүтті бағыттағы ірі қара малын алып келген.

Қордай ауданындағы Қақпатас ауылында орналасқан сүт өндіру кешенінде бұрын қазақтың Алатау сиырлары ұсталса, биыл Германиядан 200- бас Швиц атты ірі қараның жаңа тұқымы алынды. Бұл тәулігіне 25 литрге дейін сүт беретін асыл тұқымды сиыр. Шаруашылықтың негізгі мақсаты да сол сүт бағытын жандандыру.

Дүйсехан ҚОШАЛИЕВ «ҚАҚПАТАС- ҚОРДАЙ» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

— Швиц деген пароданы бұзауларымен Германиядан алып келдік. Алатау пародасы осы Швиц пародасынан таралған.

 «Қақпатас- Қордай» серіктестігі Германиядан әкелінген «Делаве» атты жаңа қондырғы орнатты. Оның сиыр саууға тиімділігі зор. Бір мезетте 24- бас ірі қара осы жерге әкелініп, оны екі сүт фермасының қызметкері арнайы құрылғымен сауып алады. Сүттің майлылығы, сапасы мен өзге де қасиеттерін жоғарыдан бақылап отыратын оператор арнайы компьютер арқылы бірден шығарады.

Мұхамеджан ӘЛІМБЕТОВ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

-Сиырлар әлі жас. Күніне үш рет сауылады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмыстары Қордай ауданында жақсы жолға қойылып отыр. Биыл тағы да бірнеше шаруашылық осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін несие алуға өтініш берген.

http://taraztv.kz/kz/news/society/sut-bagytyndagy-mal-sharuashylygy

Пікір қалдыру