Тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіш ашылды

0

Қандай да соғыс болмасын, адам баласына қайғымен қасіреттен басқаешқандай жақсылық әкелген емес. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, 60 миллионнан астам, адам өмірін жалмаған сұрапыл, сұм соғыс Кеңес үкіметін де айналып өтпеді. Осы орайда діні, ділі, тілі бөлек он бес одақтас мемлекет,бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығарып, жұдырақтай жұмылып, фашисттік басқыншыларға қасқайып қарсы тұрды. Бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. Кеңес үкіметі 30 миллионға жуық халқынан айырылды. Қолында қаруы болсын болмасын, отан алдындағы борышын өтемекке, немістік фашисттердің көзін құртып, елін қорғауға қан майданға аттанды.Осы соғыста жеңіске жетуімізге қомақты үлес қосқан, тыл еңбеккерлерінің сіңірген еңбегі мол. Майдангерлерді азық-түлікпен, жылы киіммен, оқ дәрімен қамтасыз еткен, осы тыл еңбеккерлері болды. Тыл жұмысының ауыртпашылығы, колхоздар мен савхоздарда қалған қариялар мен әйелдердің және балалардың мойнына артылды. Жұмыс уақыты таңғы 5-тен түнгі 10-ға дейін ұлғайтылып, тыл еңбеккерлері, жеңіс үшін аянбай қызмет етті. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.

Тыл еңбеккерлерінің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі орасан зор. Біздерге бақытты болашақ пен шуақты күн сыйлаған айбынды аталарымыз бен ақ жаулықты  аналарымызға құрмет жасау бүгінгі ұрпақтың міндеті.  Отан қорғау жолында қан майданға аттанып, елін, жерін қорғаған ер-азаматтардың жанқиярлық ерлігі, тылда еңбек еткен алдыңғы буын өкілдерінің төзімділігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адалдықтың, Отан сүйгіштіктің үлгісіндей болып қала бермек.

Соғыс жылдарында тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрмет көрсету, ортамызда жүрген ардақты ардагерлерімізді қадірлеу перзенттік парызымыз. Сондықтан оларға зор құрметтің белгісі ретінде игі іс қолға алынып, ескерткіш бой көтеріп, қала күні мерекесі қарсаңында  пайдалануға беріліп отыр. Тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткішті ашу рәсіміне тыл ардагерлері Жәнібек Майқанов және Раиса Жандосова және өзге тыл ардагерлері мен олардың ұрпақтары қатысты.

 

Пікір қалдыру