Таразда «Желтоқсан, 86» орталығы мен «Ғибрат» орталығы ашылды

0

Таразда қала күніне орай Қ.Рысқұлбеков саябағында Желтоқсан оқиғасының тарихи деректерінен сыр шертетін «Желтоқсан, 86» орталығы салынды. Орталықтың жалпы алаңы 280 ш.м. құрайды. Аталған орталықта Қ.Рысқұлбековтың жеке заттары мен оқиғаға қатысты құнды деректер жинақталған бұрыш, облыстан қатысқан жастар туралы деректер, белгілі тұлғалардың жазбалары мен БАҚ материалдарынан құралған көрме орналасқан.

Сондай-ақ, Қ.Рысқұлбековтың аты жазылған маңдайша мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және өзге де ұлы тұлғалардың тәуелсіздікке жету жолындағы айтылған ел рухын көтеретін дәйекті сөздері жазылған тақталар қойылды.

Осымен қатар «Желтоқсан толқыны» субұрқағы мен аллеясы ашылды. Мереке күні аталмыш аллеяда республика бойынша ең ұзын 3 каскадтан тұратын 220 метрлік «Тәуелсіздік толқыны» атты түрлі-түсті су бұрқағы іске қосылды. Гейзерден басталған алғашқы толқын 86 деген монументальды мафтан басталады. Бұрқақтың бойына Тәуелсіздігіміздің  символдары саналатын барлығы 14 дана барыс, қыран құс, пырақ мүсіндері орнатылған.

120 павловния ағашы отырғызылып, 22 жарық шамдары, күн сәулесінен қуат алатын 4 дана батарея, 10 дана смарт орындықтарына интернет желісіне қосылатын құрылғылар (wi-fi), 48 орындық мен қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылған.

Жалпы, жобаның эскизі «Spektr Energi Group» ЖШС тарапынан әзірленген. Ені 20 метр, ұзындығы 240 метр болатын аллеяның аумағы 0,5 гектар. Құны 284 млн теңгені құрайды.

Аталмыш шаралар аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүрмен қызмет көрсететін, ақсақалдар кеңестерін өткізетін «Ғибрат» орталығы бой көтерді.240 ш.м. аумаққа орналасқан нысан құрылысының құны226 млн. тг. құрайды.

«Ғибрат» орталығын ашу үшін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты, қоғам қайраткері Александр Савченко сөз сөйлеп, қала тұрғындарын құттықтады.

Сонымен қатар, саябақта балалар ойын алаңшасы, ролик тебетін алаңша, сауда дүңгіршектері, шахмат алаңшасы, спорттық снарядтар алаңшасы, баскетбол және футбол алаңшалары орын тепкен. Жалпы, саябақта 197 жарық шамдары, 4 фонтан, 4 беседка, 69  орындықтар мен қоқыс жәшіктері,  21 мың ш.м. брусчатка, 9 мың ш.м.асфальттық жол жамылғысы, ұзындығы 633 метрді құрайтын веложол салынды. Сонымен қатар, 120 дана көк шырша, 800 дана туя ағаштары егілді. 45  мың ш.м. аумақ көгалдандырылып (газон), заманауи суғару жүйесі орнатылды.

 

Пікір қалдыру