СІЗ ҚАЙ МЕМЛЕКЕТТЕ ТҰРАСЫЗ, БОЖКО МЫРЗА?

0

«Комсомолдың жыры» Парламентке де жетті. Мәжілістің бүгінгі отырысын вице-спикер Владимир Божко дәл сол «жас лениншілердің» туған күнімен құттықтаумен бастады. Және де өзін өзге әріптестері өре түрегеліп қолдайтынына сенімді еді. Олай болмады. Бірді-екілі қолдағандар болды, әрине. «Ақ жолдық» Азат Перуашев Божконың бұлай бұра тартуына жол бермеді. Вице-спикердің тәуелсіз Қазақстанда тұратынын есіне салып, «республикада мұндай мереке жоқ» деп шарт кетті. Комсомолшыл Божкоға түсінікті тілде айтқан Перуашевтің пікірін сол қалпында жариялап отырмыз.

https://www.youtube.com/watch?v=W6E9Xx1L5Wc

«- Мы с вами находимся на официальном заседании Мажилиса Парламента.

Открывая заседание и вы, Владимир Карпович, и другие коллеги поздравляете друг друга с праздником комсомола.

В какой стране вы живёте?

Я хотел бы напомнить, что мы живем в Республике Казахстан. В Независимом Казахстане нет такого праздника и не надо нас с ним поздравлять.

Если для кого-то это личный праздник — поздравляйте друг друга в личном порядке, а не на заседании Парламента.»

 

 

 

Арман Сқабылұлы

 

 

Пікір қалдыру