Тоқсан тарау қоғамдық пікірдің түйіні  жаңа әліпби қолайлы әрі ыңғайлы болса

0

Егемендік алған еліміз ең алғаш экономиканы дамытуға басымдық беріп, әлеуметтік ахуалды тіктеуге тырысты.Тұрмыс түзелген тұста, яки бүгін ұлттық мүддеге бет бұрып отыр. Бұл тұста өткен мен болашақты жалғайтын тың жобалардың бірегейі «Рухани жаңғыру» болса керек. Жаңаша бетбұрыстың басты жаңалығының бірі  ол әрине әліпбиді латын қәрпіне  алмастыру.

Өрге сүйрейтін игі қадам қарашадан қалың қолдау бірден тапса, қырын қарағандар да жетіп жатты. Көпшілігі тереңнен толғап, астарындағы сындарлы идеологияның қыры мен сырын ұға бермеді. Жаңа қаріптің жәй-жапсарын жік-жікке бөліп, тәптіштеп түсіндіру үшін түрлі жиындардың жағалай өтуі де осыдан.

Жаңашылдықтың жалауын көтерген АЛҚАЛЫ КЕҢЕС  облыстық ішкі саясат басқармасының  қолдауымен ТАҒЫ БІР МӘРТЕ Таразда  ӨТТІ.  Жиында Астана, Алматы қалаберді Түркияның белді ғалымдары ойын ортаға салды.

Әлем халқының тең жартысы латын әліпбиін пайдаланса, 7 млрд адамзаттың небәрі 3 пайызы ғана таңбасымен  жазады. Бұл дәйектер  көңілді күпті еткен көп сауалға- бұлтартпас жауап болса керек. Демек, дамудың көкжиегін кеңейтуді  көздеген қазақ еліне  – әлемдік кеңістікте еркін самғауға мол мүмкіндік туары  хақ. Мұнымен қоса, тіл гармониясы үйлесім тауып, бұрынғы асыл нұсқасына келеді. Бұрмаланып шұбарланған тіліміз ғана емес,  сана да рухани тұрғыда жаңғырмақ. Бастысы өзге ұлттардың  қазақ тілін меңгеруге қажеттілігі арта түседі.

Ерден Қажыбек — А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор

Расында, 21 ғасырда ғаламат дамып жатқан ғаламтор да, басқа да  технология мен техника тілі және оның шартты белгілері латын қәрпімен жазылады.  Сондай ақ, кирилица заңдылықтарына байланған қазіргі қазақ тілі  байи түсіп, бірқатар сөздердің айтылуы жеңілдей түседі. Осындай артықшылықтарды ескерсе керек,  кеңестік жүйенің  күрмеуінен босаған елдердің басым бөлігі уақыт  оздырмай латын әліпбиіне ауысты. Ал,  Әліпбиінің 90 жылдығын тойлағалы отырған Түркия бірқатар олқы тұстардың әлі де бар екендігін жоққа шығармайды. Жиынға арнайы шақырылған түрік ғалымы үрдістегі мол тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді тұстарын тілге тиек етті.

Энвер Қапаған — Түркияның Карабюк университетінің профессоры,  филология ғылымдарының докторы

Тоқсан тарау қоғамдық пікірдің түйіні  жаңа әліпби әлбетте қолайлы әрі ыңғайлы болса дейді. Қайта –қайта талқылана  қаралуы да сондықтан. қазір ғалымдар халықтың пікірін қаперге алып отыр.  Жазылуы мен оқылуы озық, емле-ережесі мінсіз тағы бір жоба жасауға  ниетті. Ал ел арасында осы сынды ғылыми-әдістемелік жұмыстар жалғасын тауып, 14 қараша күні сағат 11-де «Шалқар» радиосының тікелей эфирі арқылы «жалпыхалықтық диктант» өтпек. Сонымен қатар, қарашаның бел ортасында 1,5 млн адам қатысатын республика деңгейіндегі іс-шара біздің өңірде өтеді деп күтілуде. 4 бөлімде өткен дөңгелек үстелде ғалымдардың пікірін тыңдаумен шектелмей, жиылғандардың ой-ұсыныстары да ескерілді.

http://taraztv.kz/kz/news/society/latyn-elipbii-elemdik-kenistikke-erkin-samgau-1

Пікір қалдыру