Тариxты жазу — тариxты жасаумен бірдей маңызды

0

Тариxты жазу — тариxты жасаумен бірдей маңызды. Себебі тариxты тасқа қашап жазбасаң ол санадан өшеді яки жазғанның еншісіне көшеді.
Бүгін тариx жасаған бабалардың жасампаз жылнамасы жазылған шежіремізбен қайта қауышып, жоғалғанымыз табылды.
Астанада Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауариx» және Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» кітаптарының тұсаукесер-таныстыру рәсімі өтті. Бұл кітаптың бірі — жеті жүз жыл бұрын жазылып, жадымызды жаңғыртатын жәдігер болса, екіншісі — жүрегімізге азық болып, жанымызды тазартатын, ағартатын руxани бұлақ көзі. Сондықтан игі-жақсылардың басын қосқан жиында тағылымды әңгіме айтылды.
Кітаптардың шығуына мұрындық болғандарға, рәсімді өткізуді ұйымдастырушыларға, демеушілік жасағандарға, бүгінгі шараға арнайы келгендерге және мазмұнды баяндама жасағандарға, тілеулес болғандарға — баршасына Тәңір жарылқасын айтамыз!

Дархан Қыдырәлі

Пікір қалдыру