«Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда алдыңғы шепте партия мүшелері тұруы керек»

0

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXIII- ші есеп беру- сайлау конференциясы өтті.Конференцияда бас партияның бастапқы бағдарламалары талқыланып, алда тұрған мақсат- міндеттер айқындалды.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының хатшысы, Жамбыл облысының әкімі, басқарма басшылары мен барлық аудандардан келген делегаттар қатысты.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов  партия  филиалының ХХIII есеп беру – сайлау  конференциясына қатысты. Алқалы жиында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің  2016  жылдың қарашасы  мен  2018 жылдың  қарашасы аралығында атқарған жұмысы мен бақылау-тексеру  комиссиясының  есептері және ұйымдастыру мәселелері  қаралды.

         Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов баяндама жасады. Оның айтуынша қазіргі таңда облыс бойынша  337 бастауыш партия ұйымы және онда  69039 партия  мүшесі бар.  Биылғы шілде айынан бері партияның 20 бастамашыл жобасы  қолға алынған.  Олардың қатарында бастауыш ұйымдардың жұмысы  мен есептілігін  цифрландыруға көшіруге бағытталған «Партияның автоматтандырылған дерекқоры», «Е-Жарналар», «Е-Талдау» сынды жаңа форматтағы жобалары, «Е-құжат айналымы», «Балаларға арналған  тегін  ІТ сыныптар» және  тағы басқа жобалар бар. Айта кетерлігі  бүгінгі күнге Тараз қаласы мен аудандарда 12 тегін IT  сыныптар ашылған.  Оларда 1300 оқушы білім алуда. Баяндамашы «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» сынды әлеуметтік жобалардың жемістілігін де тілге тиек етті.

Конференцияда жарыссөзге шыққандар баяндамашының есебін қанағаттанарлық  деп бағалады.  Сонымен қатар, Астанадан арнайы келген «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев партия тарапынан  атқарылып жатқан іргелі істерге тоқталды.

Конференция жұмысын қорытындылаған Асқар Исабекұлы өңірдегі басты өзгерістерге, Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді  орындау барысындағы нақты бастамалар мен халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудегі басты жұмыстарды  кеңінен түсіндіріп, партия филиалының алдағы жоспары мен мақсатының ауқымды екендігін жеткізді. Өңір басшысы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда алдыңғы шепте партия мүшелері тұруы керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді.

Басқосу соңында партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамы, Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы сайланды.

Пікір қалдыру