Елбасы Жолдауындағы алты басым бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

0

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз-маслихатына Жамбыл облысының әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы қатысты. Журналистермен кездесу барысында аймақ басшысы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, Елбасы Жолдауындағы алты басым бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, БАҚ өкілдерінің толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Биыл педагогтарды ұлттық біліктілік сынағынан өткізу нәтижесінде, 1 қыркүйектен бастап, облыстың 2 мыңнан астам мұғалімінің жалақысына 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақы төленуде. Бұдан бөлек, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам (65%)мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді.

 Жолдауға сәйкес медициналық қызмет сапасын және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін облыста 95 алғашқы-медициналық көмек нысанын салу қажет. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 31 нысанды, бюджет есебінен 9 нысан пайдалануға беру жоспарлануда. 2019 жылы 68 нысан салынбақ.

 Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы басталды.

Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, а.ж. 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы — 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылатын болады.

 Сондай-ақ облыста 2022 жылға қарай жағдайы жақсы жергілікті жолдар үлесін 90%-ға жеткізуді жоспарланып отыр.

 Өңірдегі өнеркәсіп саласына келетін болсақ, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 285,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Нақты көлем индексі – 105,1%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 189,5 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 104,2% құрады. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар-тамызында 286,7 млн. АҚШ долларын, бөлшек сауда айналымының көлемі 194,9 млрд. теңгені құраған. Ал, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 168,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,4%-ға ұлғайды. бюджетке 62,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түскен.

Пікір қалдыру