Мемлекет медицина саласына бар жағдайды жасауда

0

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болды. Өңірде жедел жәрдем мен емханалар жұмысының қаншалықты жүйелендірілген, шешімін таппай отырған өзекті мәселелерді қарастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен денсаулық нысандарын аралау барысында таныс болды.

  №1-ші  қалалық «Жанұя» емханасын аралаған денсаулық сақтау министрі, мұнда халықтың ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алатын  «Элсимед» мобильді қосымшасы жайында мәлімет алды.  Жаңадан енгізілген пилоттық жоба — «Денсаулықты басқару бағдарламасының» нәтижелерімен де таныстырылды. Күнімізде кеңінен тарап бара жатқан қант диабеті, артериялық гипертензия сияқты диспансерлік тіркеуде тұрған науқастар санын төмендетуге, емханада  профилактикалық ем-дом жасаудың жандануына осы жоба септігін тигізбек. Елжан Біртанов аралаған нысандардың бір басқасы қалалық №5 емхана болды. Мұнда қағаз бастылық толықтай жойылып, цифрланған жүйедегі қызмет түрлері көрсетіледі. Мекемеде жұмыс істейтін дәрігерлермен өткен  басқосуда министр әрбір сауалға жауап беріп, Елбасының кезекті   Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт». Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің сапасын көтеру, қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, онкологиялық аурулардың алдын-алу жұмыстарын белсендету, медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы қайта даярлаудан өткізілуі секілді міндеттемелерді  түсіндірді.

Елжан Біртанов онкологиялық диспансерінің құрылысымен де танысты. 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған нысанға республикалық бюджеттен 250 млн тг, жергілікті бюджеттен 83 млн теңге бөлінген. Келер жылы толықтай медицина саласы компьютерленген жүйеге көшетін ескерер болсақ, шалғай жатқан елді-мекендер де қалыс қалмауы қажет.  Жамбыл ауданынағы «Гродикова» дәрігерлік амбулаториясының да дайындығымен тансты.

-Расында, қазір кез келген азаматты денсаулық жайы мен медицина сапасы алаңдатады.  Ем іздеп келген әр адам күйзелісте тұрса, тексеруге дейінгі ұзақ процедуралар одан әрі қажытады. Сондықтан да,  арыз – шағым жергілікті емханалар, стационар  мен жедел қабылдаған бөлмелер  қызметіне көптеп түседі. Толассыз қағазды толтырып,уақытты созбай, науқастың өмірін сақтап қалуға ат салысу керек деді  денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

Пікір қалдыру