«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» жүзеге асырылуы партияның қатаң бақылауында

0

«Алдағы уақытта «Партияның 20 қайырымды ісі» акциясы, бастауыш партия ұйымдары арасында «Үлгілі отбасы – рухани жаңғырудың тірегі» отбасылық облыстық байқауы, спорттық жарыстар, «20 жылға – 20 күй» акция-челленджі және тағы басқа ауқымды іс-шаралар партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылатын болады»

 Ерқанат МАНЖУОВ

 «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар нысандардың жарым жандарға қол жетімділігіне қол жеткізу мақсатында 780 нысан зерделенді. Нәтижесінде 368 нысан (90-100%) толықтай талапқа сәйкес келетін болса, 309 нысан (50-90%) талапқа жартылай сай келетіндігі анықталды. Ал, 51 нысан (0- 50%) мүлдем стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл мәселе Партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралады.

 «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте журналистерге жобалар жайын баяндады.

Нұр Отан партиясының қоғамдық қабылдауына  түскен шағымдарға қарағанда азық-түлік бағасының өсуі,  коммуналдық төлемдердің қымбатшылығы, жалақының аздығы және медициналық қызмет сапасының төмендігі  халықты алаңдатуда. Партия қатары белсенді жастар,  мәдениет саласының қызметкерлері, өндіріс саласындағы  мамандар, шағын және орта бизнес өкілдерін қосқанда 9000 ға жуық мүшемен толыққан. Баяндаушының айтуына қарағанда 337 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 69039 партия мүшесі бар. «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық»,  «Кедергісіз келешек», «Қаһарман даңғылы», «Ерлік ешқашан ұмытылмайды», атты республикалық деңгейде науқанды  жұмыстары бар. «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы да партияның қатаң бақылауында. Партияның Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарға барлығы 9634 өтініш түскен. Оның 45,1% оң шешімін тапқан екен. «Сәтті қадам» және «Жастар Отанға» жобалары да іске асырылуда. Партияның «Білім орталығы» жобасы бойынша облыс аумағындағы кітапханалардан 11 коворкинг орталықтар ашылып, жастардың қолдануына берілді. Келесі жылы «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жылдық мерейтойына орай арнайы жоспар дайындалып, іс-шараларды өткізу жоспарланған «Сәтті қадам» жобасы аясында облыс аумағындағы 1221 мектеп бітірген оқушылардың жұмысқа тұруына, қайта даярлау курстарына баруға мүмкіндіктер берілді.

Пікір қалдыру