«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шаралар легі жалғасуда

0

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» ма­қаласында тарихи сананы жаңғыр­ту­дың негізгі басымдықтары көрсетілгені белгілі. Бүгінде еліміз бойынша осы игі бас­тамаларды жүзеге асыру жұмыстары қол­ға алынып, жаңа межелер анықталуда.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде халыққа рухани азық беретін іс-шаралар жалғасын табуда. Осындай жиындардың бірі  Тараз қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханада «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен елге танымал жазушы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлының шығармашылық кеші өтті. 

Жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Құдірет пен Қасірет», «Көгілдір көйлекті келіншек», «Ойынды еті он бөлек» шығармаларымен көпшілікке жақсы таныс. Бүгінгі кездесуде жазушы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейлікті сақтауға қатысты: «Біздің барлық ерік-жігеріміз қазір ұлтымыздың рухани әлемін, қуатын, күшін, абыройын, ар-ұятын, намысын асқақтату. Біз ең бірінші өзіміз осындай шараға келгенде жеке тұлға ретінде өзіміз ғана сөйлеп кетпей, айналамыздағы жастардың да көңіл күйін, істеп жүрген шаруасын біліп отыруымыз керек. Өйткені, біздің жастардан басқа ешкіміміз жоқ. Жастар – Қазақстанның болашағы. Өскеле ұрпақты қазір қалай тәрбиелесек, алдағы уақытта Қазақстанның деңгейі де сондай болмақ», —  деді.

Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы туралы жастарға үгіт насихатын жеткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерді іске асыру, қоғамдық сананы жаңғырту, қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде таныту, жаһандағы қазақстандық мәдениетті дамыту мақсатында елімізде алғаш рет халықаралық «Рух» әдеби байқауы ұйымдастырған да болатын. Кітап оқып, оны терең түсіну үшін оқырмандарға таным керек. Танымға жету үшін әуелі дұрыс бағыт қажет. Несіпбек Дәутайұлы бүгінгі әдебиетке келген жас ақындарды «мәртебелі поэзияның пәрменін түсінеді» деп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп жүр.

Кездесу кешіне келген жас оқырмандар жазушының өмір жолы мен оның шығармашылығынан салиқалы әңгіме тыңдап, салмақты ой түйіп қайтты.

Пікір қалдыру