«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» іске асуда

0

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және Қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Мемлекет басшысы үкіметке 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтеруге тапсырма берді. Бұл түрлі салада еңбек ететін 1 млн 300 адамның өмір сүру деңгейін жақсартуға сеп болады деді – Елбасы. Сондай – ақ бюджеттік ұйым қызметкерлерінің еңбекақыларын 35% ға дейін көтеру тапсырылды. Сонымен қатар президент шағын және орта бизнесті дамыту мәселесін қозғап, бұл бағытқа 30 млрд теңге қаражат бөлінсін дегенді айтты.  Бизнесті дамытудың 2050 жылға дейінгі жоспары бойынша 22 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс екенін атап айтқан болатын.

Осы бағытта Қазақстан кәсіподақтары Федерациясына қарасты «Меркі-radon» шипажай ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы аясында бірнеше өзекті мәселені шешуге қол жеткізді. Ұжым басшысы  шипажай қызметкерлерінің 1 желтоқсаннан бастап еңбекақыларын көтерді. Шипажай директоры Асхат Сүлейменов жалпы ұжым жиналысында шипажайда қызмет істейтін 185 адамның, оның ішінде төмен жалақы алатын 125-нің еңбек жалақысын 15 пайызға көтерді. Жаңа толыққан жалақы алдағы 1-желтоқсаннан бастап беріле бастайды. Бұл оң шешімге ұжым мүшелері үлкен қолдау білдірді. Жалпы, бұрынғы «Меркі», енді «Меркі- radon»  деп аталатын шипажай биыл тынығушыларға қызмет көрсету сапасын анағұрлым жақсартып, ем шараларының түрлерін көбейтті. Сервистік қызметтер заман талабына сай құрал-жабдықтар, үстел-орындықтар мен ыдыс-аяқтармен қамтамасыз етілген. Мұнда сонымен қатар шағын наубайхана іске қосылған, онда пісірілген нан тек келушілерді ғана қамтамасыз етіп қоймай, Меркі шатқалында тұратын тұрғындар сатып алып, пайдалануына мүмкіндік жасалған.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуни­ка­ция­лар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстарды жан-жақты әңгімелеген еді. Брифингте аймақ басшысы:

-«Келер жылдан бастап бюджеттен жалақы алатын 23 мыңнан асқан қызметкер үшін төменгі жалақысы өскелі отыр. Сол себепті жеке кәсіпорындардағы төмен жалақы алатын адамдардың жалақысын көтеруге қатысты біз арнайы топтарды құрып, бүгінгі таңда кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Облыста 95-ке жуық кәсіпорын бар, соның ішінде 13-і ірі кәсіпорын. Бүгінгі таңда осы келіссөздің алғашқы нәтижесінде келер жылы 9 мың қызметкердің еңбекақысын көтергелі отыр. Бұл жерде айта кетсек, оны көтерген кезде төменгі жалақы 42 мың теңгеге дейін емес, одан да артатын болады», — деген болатын.

Пікір қалдыру