Министрдің сөзінше тарифтердің төмендегені туралы толық мәлімет тек Жамбыл облысынан келген

0

«Жылу мен электр энергиясына төленетін ақыны қоса алғанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің шығындары халықтың жалпы шығындарының басым бөлігін құрайды. Тариф жоғары болған сайын отбасы бюджетіне түсетін салмақ та ауырлай бермек. Нақты экономикалық негіздемелерсіз тариф өспеуге тиіс», – деп  Мемлекет басшысы тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігі мен Энергетика министрлігіне 2019 жылдан бастап жылу мен судың тарифтерін төмендету жұмысымен шектеліп қалмауды тапсырған-ды. Бағаны негізссіз өсіріп жіберетін монополистер заң бойынша жазаланатынын айтқан болатын. «Құрамында энергетика, ұлттық экономика министрліктерімен бас прокуратураның өкілдерімен жұмыс тобы құрылды. Оның басты мақсаты – ең соңғы тұтынушылар үшін тарифтерді төмендету. Қазіргі таңда электр энергиясын өндірудің өзіндік құны айқындау әдістемесі дайындалып жатыр. Табиғи монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануын, әрі мемлекеттік бақылау және монополияға қарсы қызметті күшейту бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді  әзірлеу басталып кетті. Табиғи монополистердің тарифтік сметалары мен инвестициялық міндеттемелерін орындамау және өндірістік емес шығындарын қызмет құнына заңсыз қосу бойынша анықталған барлық фактілердің басын ашып алу керек. Тарифтерді жасанды түрде көтеру есебінен пайда тапқан жосықсыз монополистер яғни қызметіне адал емес монополистер мен басқарушы компаниялар заң алдында жауап беруі тиіс. Тексеріс жұмыстары көпшіліктің алдында ашық жүретін болсын», — деді ол.

Осы бағытта ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша бірқатар әкімдіктер жұмысты жүйелендіре алмай отырған көрінеді. Тек Жамбыл облысында ғана нәтижелі  жұмыстар бар.

Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс ұйымдастыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында халықпен тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде қоғамдық қабылдау өткізілген.  Сондай-ақ, министрдің сөзінше тарифтердің төмендегені туралы толық мәлімет тек Жамбыл облысынан келген. Ал, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында тарифтерді төмендету туралы жоспар мүлде  жоқ.  Келер айдың 1-ші жұлдызынан бастап Әулиеата өңірінде бірқатар  коммуналдық қызметтер құны арзандайды. Мәселен, пәтер иелерінің кооперативі қызметтеріне 6,7 пайызға, қоқыс шығару қызметтеріне 5% , лифт қызметтеріне 7- пайызға төмендемек.

Пікір қалдыру