САЯТШЫЛЫҚТАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

0

Жамбыл ауданында саятшылықтан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жас бүркітшілер додасына Астана, Алматы қалаларымен қатар еліміздің өзге аймақтарынан да құсбегілер қатысты.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «аң стилі өнері» айтылған болатын.  Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған – делінген.

«Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ор­та­мен етене өмір сүріп, өздерін таби­ғат­тың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл бас­ты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы ме­кен­деген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақ­стан­ның ежелгі тұрғындарының озық мә­де­ние­ті болды. Олардың мұрасының жарқын көрі­ні­сі, көркем болмысы мен рухани бай­лы­ғы­ның айшықты белгісі – «аң стилі өне­рі». Жануарлар бейнесін тұрмыста пай­далану адам мен табиғаттың өзара бай­­ланысының символына баланып, көш­пенділердің рухани бағдарын айқын­дап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мы­сық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қол­данған. Егемен Қазақстанның сим­вол­дарының бірі – жергілікті жануарлар әле­мінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың ай­рықша жоғары өндірістік тәжірибесі бол­ғанын көрсетеді. Олар оюлап кес­кін­деуді, металмен жұмыс істеудің тех­никасын, соның ішінде, мыс пен қоладан бал­қымалар жасаудың және құймалар құю­дың, жайма алтын дайындаудың күр­делі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнер­дегі биік белестердің бірі саналады»

Ұлттық спорт түрінен өткен құсбегілердің сайысы осының бір дәлелі. Қазақ халқының қанына сіңген бұл дәстүр – ел тәуелсіздігімен бірге түлеген ұлттық мұраларымыздың бірі. Сондықтан да, шараның басты мақсаты– ұлттық саятшылық өнерді одан әрі дамыту.

Дәстүрлі ұлттық өнер жарысы биыл 10-шы рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 14 бүркіт, 5 қаршыға баптай келген жиырмаға жуық саятшы шеберліктерін сынады. Олардың қатарында қарсыластарынан оқ бойы озық болған Атыраулық Самат Әбдукәрімұлы 1 орынға ие болды.

Бұдан бөлек, жүлделі екінші орынды Түркістан облысының жас бүркітшісі жеңіп алса, үшінші орынға Жамбыл құсбегілер ие болды.

Пікір қалдыру