Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты сиясы кеппеген жаңа мақаланың мән-маңыздылығы түсіндірілді

0

«Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекет басшысының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау туралы бастамасы Қазақстандық жастардың қызу қолдауын туғызғаны анық. Президент ұсынысы жастардың болашаққа деген сенімі мен үмітін еселеп арттырып жатқандай. Бұл қоғамдағы, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі жастардың позитивті, толассыз пікірлерінен айқын байқалады. Елбасымыздың алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жастар үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Қазақстан жастары Президент Жолдауындағы өзекті де нақты тапсырмаларды ойдағыдай және уақытында орындауға бар күш-жігерін салары анық. Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат еткен, аз ғана уақытта алға қарыштап дамыған еліміздің болашағы кімдердің қолында? Әрине білімді де, білікті әрі дарынды жастардың. Елбасы келер жылды жастар жылы деп жариялауыда бекер емес.Мұның өзі жастарға үлкен сенім мен зор үміт артылып отырғандықтың белгісі. Осы орайда, Жамбылдық жастар бас қосып,еркін пікір алмасты.

 Достық үйінде өткен іс-шара алдымен облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисіне экскурсия жасап, жұмыстармен танысудан басталды.Экскурсия жасау арқылы жақында ғана жарияланған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты сиясы кеппеген жаңа мақаланың мән-маңыздылығы түсіндірілді. 2019 жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Ел өрендерінің Қазақстанның болашағын әр салада қолдау қажеттігін айтқан болатын президент.Бұдан кейін жастар еркін диалготік алаң құрып, ойларын ортаға салды. Яғни, келер жылды, мәнді де мағыналы етіп өткізу үшін түрлі шаралар мен жастардың шешілмей жатқан түйіткілді мәселері жөнінде сөз етілді.Соның ішінде, қазіргі таңда жұмыссыздық, тұрғын-үй сияқты өзекті мәселелерді қамтыды. Ортақ ой айтып, артылған сенімді ақтауға, берілген мүмкіндікті пайдалануға бірауыздан бар күштерін салатындықтарын жеткізді. Ұлы дала елінің өсуі мен өркендеу жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз,- дейді жастар.

Пікір қалдыру