«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ұлттың игілігіне айналдыру қажет

0

Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалың жұрт­шылықты бір серпілтіп тастады. Тарихымыздың жеті қырын атай отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткені­мізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зер­делеуге үндеп отыр. Мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытқанымыз жөн. Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойлас­тыра айтылған. Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатыр. Мақаладағы көне тарихымызға қатысты негізгі жобалар Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

 «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ұлттың игілігіне айналдыру қажет. Ондағы айтылған әрбір тармақ іс жүзіне асырылуы керек. «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңес мүшелері бас қосып, мақала төңірегінде пайымды пікір білдіріп, орамды ойларын ортаға салды. Сондай –ақ, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық мұрасын келешек ұрпақтың санасына сіңдіру, зиялы ұлт қалыптастыру турасында ұтымды ұсыныстар айтты.Тарих арқылы, болашаққа бағдар жасап, бай тарихымыздан тағлым алуға  үндейтін мақаланың мәні тереңде. Дархан даланы қоныс еткен қазақ халқының қай өңірін алып қарасаң да, тұнған шежіре. Тек сол рухани құндылықтарымызды,  мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытуға бастар жол бұл мақала. Қасиетті, дана, парасатты ұлттың ұрпағына қалдырар мұрасы мол екенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Тасын түртсең, тарихтан шыр шертер киелі өлке Таразда да мақтанышпен айтатын, көрсететін дүниелер, мәдени құндылықтар жетерлік. Қолда бар асыл мұраны өскелең ұрпаққа танытып, қолға алу жағы кемшін түсіп отырғаны жасырын емес. Жоғымызды түгендейтін кез келді. «Мирастықтар» ендігі жерде Елбасының ұлы еңбегінен туындайтын мақсат-міндеттерді назарға ала отырып, игі істерді бастауға кірісетін уақыт жеткендігін айтады

Кеңес отырысында осы секілді бірталай ұтымды ұсыныстар айтылды. Және мұндай ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауды көздейтін бастамашыл ойлар сөз жүзінде қалып қоймай, іс жүзіне асырылса, талай тұщымды тірліктердің куәсі болар едік деген пікір білдірілді

Пікір қалдыру