Ашылған 41 нысанның  32-сі медициналық мекемелер

0

Мемлекет басшысының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты  халыққа Жолдауындағы басым міндеттерді орындау  бойынша барлық өңірлерде өркенді істер қолға алынуда. Жамбыл облысында да халықтың тұрмыс сапасын арттыруға негізделген ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар аз емес. Оның бір  нәтижесі ретінде облыста1-желтоқсан ҚР тұңғыш Президент күніне орай 41 нысан ашылды.

Елбасы Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатының баса айтты десек, мереке қарсаңында ашылған 41 нысанның  32-сі медициналық мекемелер.

«Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет.Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын.  Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс.Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді» — деген болатын Мемлекет басшысы.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде халық денсаулығының сапасын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жекеменшік секторды жекеменшік секторды жұмылдыра отырып, қаржыландыру  мен басқарудың жаңа әдістері қолданылуда. Медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша инновациялық әдіс-тәсілдері енгізіліп, жаңа ғимараттар мен нысандардың құрылысы жүргізілді.

Мереке қарсаңындаоблыс орталығы Тараз қаласында медицицикалық жедел жәрдем стансасына берілетін автокөліктердің кілтін тапсыру салтанаты өтті. Бұл күні барлығы жалпы саны 27 көлік тапсырылды. Оның 1-і газель мен 16-ы уаз көлігі.

Дәрігер, соның ішінде жедел жәрдем дәрігері – қоғамдағы ең қажетті мамандық. Бұл өте күрделі, жанқиярлықты, кейде адам өмірін құтқаруда шұғыл шешім қабылдауды талап етеді. Медицина қызметкерлерінің тәжірибесі, оларға тән адам өмірі мен денсаулығына деген жоғары жауапкершілігі реформалардың сәтті жүзеге асырылуының және қоғамның тұрақты дамуының кепілі. Яғни, қоғамның басты байлығы – адам өмірін сақтап қалуда елеулі еңбек етіп отырған жедел жәрдем қызметінің, олардың техникалық жағдайының жақсы болуының маңызы зор екендігін айтпасақ та түсінікті.

Пікір қалдыру