Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттер орындалуда

0

1 Желтоқсан Тұңғыш президент күніне арнайы, Мемлекет басшысының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты  халыққа Жолдауындағы басым міндеттерді орындау  бойынша Жамбыл облысында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға негізделген жұмыстар аз емес.

1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні қарсаңында ашылған 32 медициналық нысанның 29-ы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтереген. Оның 13-і ауысымына 5 келушіге арналған медициналық пункттер. Олар Байзақ ауданындағы Шахан, Көкөзен, Жаңатұрмыс, Жібекжолы, Сарыбарақ, Тегістік, Қордай ауданындағы Көкадыр, Меркі ауданындағы Екпінді,Сарысу ауданындағы Шағалалы, Қамқалы, Т.Рысқұлов ауданындағы Шолаққайыңды, Талас ауданындағы Сейілбек, Тұрымқұл ауылдарындаорналасқан.

Сондай-ақ, бұл күндері Байзақ ауданындағы Ынтымақ, Жамбыл ауданындағы Бектөбе, Бесағаш, Гродекова, Пригородное, Ақбұлым, Түркісіб, Жуалы ауданындағы Шақпақата,Меркі ауданындағы «Мыхан», Сарысу ауданындағы Игілік, Шу ауданындағы Шоқпар ауылдарында  15 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.

Ал, ауысымына 10  келушіге арналған 7 фельдшерлік-акушерлік пунктБайзақ ауданындағыАймантөбе,Жамбыл ауданындағы Ерназар,  Меркі ауданындағы Екпінді, Мойынқұм ауданындағы Ұланбел, Көкжелек, Сарысу ауданындағы Ұйым, Т.Рысқұлов ауданындағы  Қарақат, Шу ауданындағы  Тасөткел ауылындарында ашылды.

Айта кету керек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген 29 медициналық нысанға барлығы  843 миллион теңге қаржы жұмсалған. Аталған мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберіндегі  бұл нысандардың құрылысын салу барысында өзге өңірлердегі бюджеттік инвестициялық жобалармен салыстырғандағы құны төмен болып,  1,4 млрд теңге бюджеттік қаражат үнемделді.

Бұл арқылы ауылдық  жерлердегі алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттілігі  84 пайызға қамтылады. Ал, жалпы облыста 95 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына ғимарат қажет болатын. Бұл бюджеттік инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырылғанда, оған жалпы  6 567,6 миллион теңге және 7 жыл уақыт керек болатын. Ал, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу арқылы мерзімін 3 жылға, жұмсалатын қаржы көлемі 2 376 миллион теңгеге үнемделді. Нақтырақ айтқанда 4 жыл уақыт және 4 192 миллион теңге қаржы үнемделіп отыр. Яғни, 95 нысанның 29-ы биыл ашылса, 2019 жылы 40, 2020 жылы 25 нысан бой көтереді деп жоспарлануда.

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Жамбыл облысында халықтың медициналық мекемелерге деген қолжетімділігін арттыруға арналған бұл нысандардан бөлек, жұртшылықтың әлеуметтік тұрмыс сапасын арттыруға негізделген мекемелер де ел игілігіне берілді. Атап айтар болсақ, Тараз қаласында полиция басқармасы №1 полиция бөлімінің қабылдау бөлмесі,Жамбыл ауданында «Мөлдір», Жуалы ауданында «Әсем достар» жекеменшік балабақшалары, Қордай ауданында 75 орындық «Балалық-шуағы», 50 орындық «Нұр-Әділ»», 50 орындық «Балалық базары» балабақшалары және 120 орындық «Болашақ» шағын  орталығы, Т.Рысқұлов ауданында 120 орындық «Бота» бөбекжай, Ауқатты ауылдық полиция бөлімшелері ашылды.

Мереке қарсаңында пайдалануға берілген бұл барлық 41 нысан алдаға уақытта Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттердің орындалуы жолында ел игілігіне жұмыс жасай бермек. Сондай-ақ, Тараз қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Шара барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жиналғандарды ҚР тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, мерекенің мазмұндылығына тоқталды. Бірқатар азаматтар «Астананың 20 жылдығы» мерекелік медальімен марапатталды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, ән-биден шашу шашылды.

Пікір қалдыру