Таразда Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты жиын өтті

0

Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімінің қатысуымен ҚР Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, студенттер мен қоғам белсенділері, мәдениет қайраткерлері  қатысты.

Тұңғыш Президентіміздің сайланған күнді – 1 желтоқсанды осындай мереке деп белгілеу ұйғарылған еді. Оны атап өтудің басты себебі: біз, жас мемлекет 25 жылдан астам уақыт ішінде экономика, саясат, әлеуметтік салаларда орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік, осылардың барлығы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты. Қазақстан Көшбасшысының елімізді гүлденген мемлекетке айналдыру бағытында қабылдаған маңызды шешімдерін, жасаған батыл қадамдарын зерттеп, зерделей түсуіміз қажет. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында Қазақстан тұрақты саясаты және дамыған экономикасы бар үлгілі мемлекетке айналды. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық салтанатында Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, «дүние жүзі тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы 20 жылында осыншама қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес»-деген –ді.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліне сіңірген елеулі еңбегі бүкіл Қазақстан халқының оған артқан зор сенімін ақтай білді. Сол себепті де халық тұңғыш президентінің өзі мен ісін ауыздан тастамай, онымен бірге жеткен жетістіктерді саралап, Елбасының елге, оның дамуына сіңірген зор еңбегін бағалап, ұлт көшбасшысы атанған тұлғаны келешек ұрпақтың да құрметтеп, ардақтап жүруіне сеп боларық осындай Елбасы күнінің мағызы ерекше.

Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Н. Назарбаевтың ел тарихындағы орыны бөлек болары анық.  Сарыарқа даласында Астана салынып, Қазақ елін әлем таныды. Қазақстанның халықаралық аренада өзіндік орыны қалыптасты.  Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, күллі әлемді бейбіт жолға шақырды.

Салтанатты жиында сөз алғандар тәуелсіз Қазақстан жетістіктерін тілге тиек етті. Еліміздің өркендеп дамуы жолында  Тұңғыш президенттің рөлі ерекше. Сарабдал саясаттың арқасында   Әулеата өңірі  де  күннен күнге көркейіп, өңір тұрғындарының әл-ауқаты да жақсарып  келеді. Салтанатты кеште  өңірдің  өсіп-өркендеуіне ат салысып жүрген бірқатар азаматтарға мерекелік медальдар мен арнайы төсбелгілер тағылды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, дәрігерлер мен ұстаздар бар.

Облыс өнерпаздарының қатысуымен өткен салтанатты шара  мерекелік  концертпен  жалғасты.

Пікір қалдыру