Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық турнир

0

«Ұлы Дала қырандары » Республикалық мәдени~әлеуметтік, спорттық қозғалысы Астанада бильярдтан ардагерлер арасында «Еуразияның Үлкен кубогы» турнирін жоғары деңгейде өткізді. Ең алдымен Жас қырандардың атынан ұйымдастырушысы, әрі игі бастаманың инциаторлары «Ұлы Дала қырандары» Республикалық қозғалыстың теңтөрағалары Набиев Марат және Сәдібек Түгел ағаларымызға зор алғысымызды білдіреміз!

Жастарға өнеге болар тастаяқ шеберлері үш күнге созылған турнирде шебер ойындар көрсетті. Марат ағамызбен, Сәдібек ағамыздың әр бастамасымен ұйымдастырылып жатқан шаралардың дерлігі жастарды алға жетелеп, қанаттандырып Ұлы Далада ұлы қадамдарға бастап келе жатыр.

 Енді Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған турнир жайлы тоқталып кетсек.

1-3 желтоқсаны күндері Астанадағы «Зодиак» және «Азия» бильярд клубында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бильярд спорт түрінен «Еуразияның Үлкен Кубогы» атты ардагерлер арасындағы халықаралық турнир өтті.

Турнирдің мақсаты — салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, жаңа елордамыз — Астана қаласының абыройын асқақтату, жастарға үлгі көрсету, бұқаралық спортты дамыту. Атаулы турнирге Ресейдің Омск қаласы командасы, Астананың «Астана қырандары» командасы, Өскеменнің «Асау Ертісі», Шымкент қаласы «13 аймақ», Алматының «НАП» және «Бірлік», Алматы облысының «Жетісу» командалары, Атыраудан «Батыс» командасы, Семей қаласының командасы және Ақмола облысынан «Көкшетау арландары» командасы, Қарағанды және СҚО командалары қатысты.

Үш күнге созылған Еуразияның Үлкен Кубогі үшін жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Аталмыш халықаралық турнирді «Ұлы Дала қырандары» мәдени, әлеуметтік~спорттық республикалық қозғалысы, «Астана қырандары» командасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастырды.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бильярдтан ардагерлер арасындағы халықаралық «Еуразияның Үлкен Кубогы» жарысы ҚР Әнұранымен ашылды. Бұдан кейін сөз Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Байжанов турнирге қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы күнімен шын жүректен құттықтап, тастаяқ шеберлеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар халықаралық «Еуразияның Үлкен Кубогі»-атты жарыстың ұйымдастырушысы әрі инциаторы, «Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық – мәдени-спорттық қозғалысының тең төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел құттықтады. Салтанатты ашылу рәсімінде турнирдің бас төрешісі, бильярд спорты бойынша жоғары санатты төреші Ерболат Жұмағұлов және осы турнирдің ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қайрат Мирашев сөз сөйледі.

 Турнирдің қорытындысында 50-63 жас аралығында командалық ойында I орынды «Астана қырандары» командасы иеленсе, II орынды ШҚО «Асау Ертіс» командасы, III Шымкент қаласының «13 аймақ» командасы иеленді

Ал 63 жастан жоғары командалық кездесуде I орынға Шымкент қаласының «13 аймақ» командасы, II орынды Алматы облысының «Жетісу» командасы, III орынды Алматы қаласының «Бірлік» командасы иеленді.

Жеке ойында (50-63 жас аралығында) 1 орынды Карбаев Марат (Алматы облысы), 2 орынды Мусинов Сайлаубек (ШҚО), 3 орынды Жақанов Қайрат (Алматы қаласы) иеленді.

63 жастан жоғары санатта 1 орынды Тлеуғабылов Еркін (Шымкент қаласы), 2 орынды Ли Анатолии, 3 орынды Рыжих Николай (ШҚО).

Сонымен қатар «Ең үздік техникалық ойыншы» аталымын Жұмағулов Тоқтамыс («Батыс» командасы), «Ақсақал ойыншы» аталымын Пак Георгий («13 аймақ» командасы), Доскожин Марат («Астана қырандары» командасы) ойыншысы иеленсе, «Жеңіске деген құштарлық» аталымын Қамзабаев Орман («Астана қырандары» командасы ойыншысы), Ильин Иля және Қайыпов Ерғанат, «Көкшетау арландары» командасының ойыншысы Кәкімов Қайрат иеленді. Барлық жеңімпаздар кубоктармен медальдармен марапатталып дипломдар табыс етілді.

Пікір қалдыру