Алаш тарихы жастар үшін маңызды

0

Жамбыл облысты ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “Алаш ұстанымы – ұлт мұраты” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конфереция өтті.  Аталмыш конференцияға ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Мәмбет Қойгелді, Халықаралық «Қаһармандар» қоғамдық қорының президенті Сабыр Қасымов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, Сұлтан Хан Жүсіп, «ҚР Ұлттық Музейі» РМКК жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,  Берік Әбдіғалиұлы және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ерлан Сайлаубай, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай және «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардагер журналист Москау Нокрабеков сынды аға буын Алаштанушылар қатысты.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өткен конференцияға  Алаш тарихын танып-білуге қызығушы жастармен толды.

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс – қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алды.

«Естеріңізде болса, осыдан тура 101 жыл бұрын, Орынбор қаласында, І-жалпы қазақ құрылтайы дәл осы күні басталған болатын. Сол құрылтайда,12-желтоқсан күні Алашорда үкіметі жарияланып, бүкіл алаштықтар барша қазақтан сүйінші сұраған болатын. Міне, 101 жыл өткен соң сол Алаш арыстарының ұрпақтары Әулиеата төріндегі конференцияда бас қосып отырмыз. Бұл да бір тарихи сәйкестік деп айта аламыз» – Берік Құрманғали, Жамбыл облысты ішкі саясат басқармасы басшысы.

Алаштанудың негізін қалаған  ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді: «1917 жылдың қарсаңында қазақ қоғамы ұлт-азаттық қозғалыс арнасында тұрды. Ал қазаққа керегі ұлттық еркіндік, ұлттық тәуелсіздік, ұлттық мемлекеттілік болатын. Сол кезде Әлихан Бөкейханов: Бізге тәуелсіздік үшін күрес жағдайында тапқа жіктелу зиянды. Тапқа жіктелсек, өзара соғысқа кетсек, азамат соғысына кірсеконда біз азаттықпен қоштасамыз,-деді. Сол кездегі қазақ қоғамы үшін осы тұжырым – жалғыз дұрыс ұстаным еді» 

 

Пікір қалдыру