Тараз жастары жемқорлыққа қарсы

0

Қазақстанда жемқорлықпен ел болып  күрес жүргізудің маңызы өте зор. Қазақ азаматының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір Қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс. Сондықтан, бала күннен бастап өз Отанына  деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар. Тәрбие мен білім адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруға негізі болып табылады. Бұл жерде отбасыжәне білім беру саласына басымдыққа ие. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, жақсы қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс.

Осы орайда Тараз қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын және жемқорлық іс-әрекеттерінің іс-қимыл әсерін оқушыларға түсіндіру мен ондай теріс әрекеттерге бармау жолдарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға қала мектептері арасынан іріктелген 9-сынып оқитын оқушылары қатысты.

Аталған шарада оқушылар «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?» тақырыбында эссе жазу арқылы автордың көзқарасын танытуы көзделген.

Эсселер қазақ және орыс тілінде жазылды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді «Нұр Отан» партиясы, қала әкімдігі білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп гимназия мұғалімдерінен құрылған арнайы комиссия анықтады. Нәтижесінде, №46 орта мектеп оқушысы Қазына Шакенбаева 1 орынды иеленді. 2-3 орындарды Анастисия Овчинникова (№6 орта мектеп) мен Дулат Абдрахман (№55 орта мектеп) бөлісті. Басқа қатысушылар да ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

«Нұр Отан»  Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Айта кетер болсақ, бұл дәстүрлі байқау былтыр Тараз қаласындағы мектеп гимназия оқушылары арасында өткен болатын. Келесі жылы аудандардағы мектеп оқушылары арасында ұйымдастыру жоспарлануда.

 

Пікір қалдыру