Жамбыл облысы өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірген өнімдері артқан

0

Кез келген ел экономикасында  өнеркәсіптің  маңызы зор екенін және көп қырлы рөлін ескере отырып, дамыған елдердің өзінде өнеркәсіптік- өндірістік кешенді дамытуды бірінші басымдылық деп танитыны белгілі. Өнеркәсіп үлттық экономиканың жетекші бөлімі, елдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын негізгі сала екендігін дәл айқындайды. Сондықтан әр ел өздерінің белсенді, жан- жақты өнеркәсіптік саясат жүргізеді. Еліміздің өнеркәсіптік кешенінің жағдайы мен даму динамикасы, экономикалык тәуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті күшейту, халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, қоғамның экономикалық ортасын сауықтыру, тең құқықты және өзара тиімді жағдайда әлемдік экономикаға бірігу секілді үзақ жөне қысқа мерзімді міндеттердің сәтті шешілу мүмкіншіліктерін қарастырады.

Осы бағытта Жамбыл облысының 2018 жылғы қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірген өнімдері көрсеткіштерін атап өтсек:

Шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда қолданыстағы бағалармен 319505,4 млн.

Заттай көрсеткіштер динамикасынан есептелген өнеркәсіптік өндіріс индексі 2018 жылғы қыркүйекке 105,8%-ды, 2017 жылғы қазанға 85,2%-ды, 2017 жылғы қаңтар-қазанға 103,1%-ды құраған.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі Тараз қаласында – 102,9% және облыстың 9 ауданында: Талас (9,1%-ға), Шу (8,9%-ға), Жуалы (8,4%-ға), Мойынқұм (7,8%-ға), Қордай (6,7%-ға), Байзақ (3,4%-ға), Т.Рысқұлов ауданында (3,2%-ға), Сарысу (0,4%-ға) және Жамбыл ауданында (0,1%-ға) өскені тіркелген.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2018 жылғы қаңтар-қазанда 229395 млн. теңгені көрсетіп отыр. Оның ішінде мал шаруашылығы – 92366,9 млн. теңге немесе 103,3%, өсімдік шаруашылығы – 136250,6 млн. теңге немесе 104,5%, қызметтер 777,4 млн. теңге немесе 100% болып қалыптасқан.

2018 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал саны 28,9 мың басқа (8,1%-ға), жылқы 8,8 мың басқа (8%-ға), қой мен ешкі 110,3 мың басқа (3,9%-ға), түйе 294 басқа (4,6%-ға) көбейген.

Сонымен бірге, мал басының өсуіне негізінен халық және фермер шаруашылығының есебінен қол жетті. Мүйізді ірі қара мал санының жоғары өсімі Меркі ауданында – 24%-ға, Қордайда – 11,1%-ға; жылқы саны Меркі ауданында – 12,9%-ға, Мойынқұмда – 11%-ға; қой мен ешкі Жуалы ауданында – 9%-ға, Меркіде – 8,2%-ға; түйе Меркі ауданында – 8,8%-ға, Байзақта – 6,3%-ға өскен.

Ет өндіру көлемі 2017 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4%-ға артты. Ет өнімін өндірудің ең жоғары көлеміне Байзақ (8,6%-ға өсті) және Меркі ауданының (7,4%-ға) шаруашылықтары қол жеткізген.

Пікір қалдыру