Тараз шаһары туристік орталық болуға әбден лайық

0

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанда ішкі туризмді дамытуға арналған салалық бағдарлама жасақтау қажет. Ол жөнінде Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысы елімізде ішкі туризмді дамытуға көңіл бөлінуі туристік өңір үшін маңызды. Туризм тек қана әсем табиғат арасында тынығу емес, ол – туған тарихты тану, адамдардың тыныс-тіршілігіне қанығу. Әр азамат өзі тұрған өлкенің өткеніне қанығып, құндылықтарын бағалай білсе, патриотизм дегеніміз сол болуы керек. Бұл әсіресе жастар үшін өте маңызды.

Осыған байланысты Тараз қаласында  «Ancient Taraz» халықаралық туристік форумы мен қолөнершілердің «Көне Тараз шеберлері» халықаралық көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын көрме жұмысының аясында түрлі деңгейдегі кездесулер, ғылыми-практикалық конференциялар, пікірталас алаңдары өткізіліп, киелі Тараз шаһарына саяхат жасалады деп күтілуде.

 «Еншент Тараз — 2018» халықаралық форумы мен көрмесі салтанатты түрде ашылды.  «Тараз — өткенді болашаққа жалғайтын қала», осындай атаумен шаһарда жаңадан бой көтеріп жатқан 15 шағын ауданы мен «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің таныстырылымы өтті. Жаңа нысандарға  көптеген инвесторлар қызығушылық білдіріп, бірқатар елдермен тарихи әрі туристік меморандумдарға қол қойылды.

2000 жылдық тарихы бар киелі Тараз шаһары туристік орталық болуға әбден лайық. Тарихы терең, дәстүрі бай өңірде туризмді дамытуға мүмкіндік мол.

«Көптеген облыстарды аралап жүріп, бірнәрсеге көзім анық жетті. Туристік өнімдердің ең бір маңызды контенттері осы Жамбыл облысының аумағында екен. Яғни, бұл жерді археологиялық орталық десек те болады, себебі, Тараздың қай тасын түртсең де, тарихтан сыр шертеді»  Рашида ШАЙКЕНОВА

«Ақыртас» кешені мен «Айша бибі» кесенесі бүкіләлемдік туристік нысандар тізіміне енген болатын. Енді, форум барысында Жамбыл облысының әкімдігіне әлемдік туристік сертификаты табысталды.

«Қала – өте тартымды әрі қызықты, облыс та дәл солай. Осындай бай өлкеде орын тепкен ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің қызығушылығын тудыруда. Өйткені, мұнда ғажайып және тамаша жерлер өте көп, тек оларды әдемі әрі әсерлі етіп таныстыру қажет деп ойлаймын»  Владимир ПИСКУРЕВ

 

Пікір қалдыру