Жолдаудағы басым міндеттердің орындалу барысы

0

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауындағы басым міндеттерді орындау, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға негізделген. Жолдаудың өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша Жамбыл облысында  бірқатар жобалар іске асырылып жатыр.

Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Талас ауданы Қызыләуіт ауылында Ұлық мерекеге тарту  ретінде ауыл тұрғындарына ұзақ күткен таза  ауыз су берілді. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінген. Су жеткізу және жабдықтау нысанының құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталған. Жобаның құны — 384 161,0 мың теңге. Мердігер «AKM GROUP» ЖШС-і. Ескі құдықтың сапасыз  суын пайдаланып келген Қызыләуіт тұрғындары 300 текше метр су қоймасы  бар нысаннан сапасы жоғары су ішетін болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына да баса көңіл бөліп, бастапқы медициналық-санитарлық көмектің деңгейін көтеру, тұрғындардың денсаулығын бақылау мақсатында кешенді шаралар алу қажеттігін атап көрсетті.  Денсаулық сақтау мәселесі Жолдауда ерекше атап көрсетілген бағыттардың бірі. Стратегиялық құжаттың жетінші бағыты  — үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Ендігі кезекте отандық медицина асқынған науқас түрлерін емдеп, көп қаражат жұмсағанша, аурулардың алдын алу мақсатында жұмыстар атқармақ.

Байзақ және Меркі аудандары Көкөзек ауылында медициналық орталық  ашылды. Заман талаптарына сай салынған медициналық  нысанының көмегімен ауылда денсаулық мәселесі шешімін тапты.   Нысанның құрылыс жұмыстарына 62 млн.теңге қаражат жұмсалған.

Меркі ауданында  мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталығы ашылды. Ғимарат ішіндегі ойын бөлмесі баланың ой-санасын жетілдіретін, дамытатын  ойыншықтармен қамтылып, дене шынықтыру бөлмесі арнайы құрылғылармен жабдықталған. Жалпы, аудан бойынша  335 мүмкіндігі шектеулі  бала болса, әзірге  25-і арнайы сараптамадан өтіп, осы жерге жолдама алып отыр. Облыс әкімінің атынан орталыққа теледидар тарту етілді.

Пікір қалдыру