Асқар Мамин — ҚР премьер министрі

0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР премьер-министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

21 ақпан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді. Сағынтаев үкіметтің тізгінін екі жарым жыл ұстады.

Конституцияның 44-бабына сәйкес, президент мәжілістің қарауына ҚР премьер-министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс депутаттары Маминнің кандидатурасын мақұлдады.

Пікір қалдыру