«Ońtústik» телеарнасына жаңа басшы келді

0

«Ońtústik» телеарнасына жаңа басшы келді. «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ерлан Қариннің бұйрығымен облыстық филиалының директоры болып Уәли Сағындықұлы Қыдыров тағайындалды. Ал, Бауыржан Қамбарұлы Бердімұратов Түркістан облыстық филиалын құру бойынша Корпорацияның арнайы өкілі лауазымына лайық деп танылды.

Жаңа лауазым иесін шығармашылық ұжымға «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев таныстырды. «Ońtústik» телеарнасын 5 жыл уақыт абыроймен басқарған Уәли Сағындықұлы телевидение саласына сіңірген елеулі еңбегі зор. Өз кезегінде жаңа директор корпорация басшылығына ризашылығын жеткізіп, өзіне қолдау көрсеткен ұжымға алғыс білдірді.

Уәли Қыдыров – «Қазақстан» РТРК» АҚ ОҚОФ директоры

— Корпорацияның тапсырмасымен, алға қойылған үлкен межелер бар. Серік Рахметоллаұлы айтып өтті. Шымкент республикалық маңызға ие орталыққа айналды. Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы, облыс орталығы болып отыр. Жалпы, біздің жұмысымыз – жаңалықтарды дүйім жұртқа жеткізу, атқарылып жатқан шаруаны көрсете білу. Сенім білдіріп отырған Корпорация басшылығына рахмет.

 Бұған дейін Оңтүстік теледидары қара шаңырағын тізгінге алған Бауыржан Бердімұратов Оңтүстік филиалының жұмысын ілгерілету үшін тер төкті. «Жаңа басшының Түркістан облысы филиалын түлету жолында журналистикадағы тәжірибесі мен жергілікті атқару билігіндегі еңбек өтілі жоғары. Бұл өз кезегінде еліміздің ақпараттық саясатын жоғары деңгейде атқаруына септігін тигізбек», — деді басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев.

Серік Егізбаев – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары

-Түркістан аймағының бірінші басшысы болып, жаңа орынға өзіңізге сенім білдіріп, тілектес болып отырмыз. Сізді Корпорацияның арнайы өкілі болып, Түркістанды түлету бойынша ұсыныс білдірдік. Төрағаның бұйрығымен Бауыржан Қамбарұлы бүгінгі күннен бастап Корпорацияның арнайы өкілі, Түркістан аймағын құру бойынша жұмыстармен айналысатын болады.

Ақмарал Көпжасарова    

Пікір қалдыру