Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты

0

Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Алғашқы жазбасында аймақтың дамуы, оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуы билік пен халықтың бірлесе жүргізетін жұмысына тікелей байланысты екенін жеткізген. Сондай-ақ, ортақ істе барлық тараптардың пікірі ескерілуі аса маңызды екенін айта келе жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы байланысты бекіте түсу мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашу туралы шешім қабылдағанын айтады.

– Киелі Әулиеата өңіріне қызметке келген күннен бастап тұрғындармен, зиялы қауыммен байланыса отырып, бірқатар істі еңсердік. Алда жүзеге асырылар жобалар да аз емес. Пікір алмасу алаңын тиімді пайдалана отырып, облысымыздың қоғамдық өміріне, әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына қатысты өз ойларыңызды, ұсыныстарыңызды білдірерсіздер деген сенімдемін, – деген Асқар Исабекұлы өз жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен өткен Кеңесте шенеуніктерге халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына өтуді тапсырған болатын.

– Бізге халықтың әлеуметтік жағдайын білу және дер кезінде шара қолдану – маңызды. Әкімдер әлеуметтік желілерде мемлекеттік саясатты түсіндіру қажет. Бұл азаматтардың билік институттарына деген сенімін арттырады. Әкімдерге халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшуді тапсырамын. Бұл барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты, ауылдағы әкімдерден облыс әкімдеріне дейін, – деген еді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру