Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 148 жыл

0

Бүгін, Қажымұқан атындағы орталық стадионда бүкіл әлемге әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 148 жыл толуына орай, «Ордабасы оттары» газетінің жүлдесі үшін қазақ күресінен 2002-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ордабасы ауданының ашық біріншілігі өтті.
Жарысқа 10 ауыл округінен және Шымкент қаласынан палуандар қатысып, 8 салмақ бойынша өз бақтарын сынады.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, ардагер спортшылар Құрмансейіт Зияев, Сақтан Бекпейісұлы, ауданның Құрметті азаматы Жоламан Ахметов, «Еркін ой» газетінің редакторы Балтабек Түйетаев сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі.
Аудандық мәдениет Үйінің әншілері Айнұр Аубакирова, Нұргүл Алтынбекқызы рухты оятатан әндерді шырқады.
Жарыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаз палуандар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Дипломымен, медальімен марапатталды, сондай-ақ 1, 2 орын иегерлері «Ордабасы оттары» газетін 6 ай бойы тегін алатын болады.

Пікір қалдыру