«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме ашылады

0

Халықаралық музей күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме ашылады. Шара қарсаңында музейде арнайы баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мен Ұлттық музей директоры Алмаз Нұразхан қатысты. Жиында басылым басшысы газет тарихына қатысты мәліметтер айтып, музейдегі көрме жайлы баяндады.

Сонымен қатар, «Жүз  жылдық жылнама» атты басылым мерейтойына арналған шаралар жайлы да сөз қозғалды. Атап айтқанда, маусым айында газеттің 1919-1970 жылдар аралығындағы мақалалары жинақталған кітаптардың таныстырылымы өтеді.

Пікір қалдыру