Шымкентте қызықты қызғалдақ инсталляциясы орнатылды

0

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендросаябақта «Қызғалдақ – Оңтүстік мұрасы» белгісі орнатылды.⠀

Биіктігі 5 метрді құрайтын бұл туынды  бір шоқ дала қызғалдақтарын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейді.

Адам мен табиғаттың бірлігін бейнелейтін бұл дүние  қызғалдақтардың тарихи тұрғыдан алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңірінде пайда болғанын да білдірсе керек.

Саябақтың көркіне көрік қосқан белгі қаланың Туризм басқармасының тапсырысы бойынша орнатылды. Инсталляция авторлары – мүсінші, публицист, Қазақстан суретшілер Одағының Жамбыл филиалының төрағасы Айдархан Сихаев

Пікір қалдыру