100-ден астам ретсіз сауда орындары жойылған

0

Бүгін Шымкент қаласындағы Ақпараттық – коммуникациялық орталықта Еңбекші ауданының 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша аудан әкімі Ғалымжан Молдабайұлы Ильясовтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Жиын барысында ауданның бюджеттік түсімі ұлғайғандығы айтылды. Жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млн. теңге жиналған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағындағы 100-ден астам ретсіз сауда орындары жойылған. Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімі Ғалымжан Ильясов мәлімдеді. Тиісінше, заңбұзушыларға жергілікті полиция қызметі тарапынан 1000-нан астам хаттама толтырылып, 500 мың теңгенің төңірегінде айыппұл салынған.

Пікір қалдыру