«Цитадель» — Шымкенттің негізгі туристік орны болмақ

0

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы «Цитадельге» барып құрылыс барысымен танысты.

Ерлан Қуанышұлы келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы екенін тілге тиек етіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқынды түрде жандандыруға қатаң тапсырма берді.

Айта кетейік, «Цитадель» алдағы уақытта Шымкенттің негізгі туристік орындарының бірі болмақ. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтереді. Қайырымды қала тұрғындары мен қонақтары ескі қалашықтан табылған жәдігерлерді де көре алатын болады.

Аралау барысында шаһар басшысы жұмыстың сапалы әрі өз уақытымен аяқталу керектігін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдыру