Лондонда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

0

Қазақстандық туроператорлар «World Travel Market London 2019» халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Алматы қаласы, Алматы және Атырау облыстарының өкілдері шетелдік туроператорларды тиімді әріптестік қарым-қатынас орнатуға шақырды.

Туристік индустрияға арналған үш күндік іс-шара 1980 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын 50 мыңға жуық осы сала мамандарының басын қосады. Ұлыбритания астанасына Қазақстаннан 6 ірі туристік оператор барды. Олар Алматы қаласы Туризм басқармасы ұйымдастырған стендке жайғасып, B2В форматында 200-ден астам компаниямен әріптестік орнату мүмкіндіктерін қарастырды.

Туристік әлемде ойып алар орны бар ірі шараның қатысушылары арнайы 3D көзілдірік арқылы Қазақстанның көрікті жерлерімен саяхаттау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар оларға өңірлер жайлы жарнамалық-ақпараттық өнімдер таратылды.

Пікір қалдыру