Шымкентте жыр мүшәйрасы өтпек

0

Үшінші мегаполисте «Серпіліс» қоғамдық қоры Шымкент қалалық ішкі саясат және дін басқармасының тапсырысымен «Шымкент шаттық шырағы» атты жыр мүшәйрасын жариялады.

Мүшәйраның мақсаты — Шырайлы Шымкент қаласының өркениет пен мәдениет ордасы екенін бүгіні мен ертеңін, тарихи және табиғи келбетін өлең – жырға өзек ету, поэзия тілімен насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу;

 

Мүшәйраның тақырыптары:

· Шымкент қаласы;

· Тәуелсіздік.

· Еркін тақырыптағы өлең.

Байқау шарттары:

— Ақындардың жасына шек қойылмайды. Байқауға Шымкент қаласы және Түркістан облысының ақындары қатыса алады.

— Өлеңдер көлемі 10 шумақтан аспауы қажет;

— Ақын өзі туралы мәліметті (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, мекенжайы, байланыс телефоны және жеке суретін) ұсынады;

— Ұсынылатын өлеңдер бұрын жарияланбаған болуы керек.

Байқауды өткізу тәртібі:

— Өлеңдер 2019 жылғы 5 желтоқсанға дейін қабылданып, ашық түрде әділ қазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Тек жеңімпаз деп танылған ақындар қаржылай марапатталады.

— Әділ қазылар алқасының сараптамасынан өткен үздік өлеңдер жинаққа енгізіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарға жүлделер 2019 жылғы желтоқсан айында табысталады. Мүшәйраға түскен үздік өлеңдерден құрылған жыр жинағының тұсаукесері өткізіліп, Тәуелсіздік күніне орай өткен іс-шараларда табысталады (200 дана кітап).

Өлеңдерді мына адреске жолдау қажет:

Мекен-жайы: «Серпіліс» ҚҚ.

Шымкент қаласы, Түркістан көшесі 2/2. «Серпіліс» ҚҚ-ның офисі

Байланыс тел.: жұмыс: 8725228-34-07 Ұялы: 87053655741

Электронды пошта: serpilis-kz@mail.ru

МҮШӘЙРАНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ: 325 МЫҢ ТГ.

1-ші, 2-ші, 3-ші және 1 ынталандыру сыйлығы тағайындалады

1-ші орын 150 мың тг.

2-ші орын 100 мың тг.

3-ші орын 50 мың тг.

1 ынталандыру сыйлығы 25 мың тг.

Пікір қалдыру