Әкім жастармен жүздесті

0

Шымкент қаласының әкімі мегаполис жастарымен кездесті. Еркін форматта өткен басқосуға оқушылар мен студенттер, сонымен қатар білім ордаларының жетекші мамандары қатысты.

Кездесуде кезек күттірмейтін білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Оның ішінде жастардың уақыттарын тиімді пайдаланып, үнемі іздену арқылы өзін-өзі дамыту әрекеттері айтылды. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселесі де шектен тыс қалмады. Екі сағатқа жалғасқан кездесуде жастар сан түрлі бағытта сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, қала әкімі жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.

Пікір қалдыру